Алматы қаласы Білім басқармасының
"№125 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 396–47–48
Есепші:
+7 (727) 396‒47‒73
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
сәуір
2025

Танымдық сағат

https://www.instagram.com/p/DIh3IxPiio-/?igsh=MTU0czhrZ213ZXR0dw==
Танымдық сағат
2025 жылғы 16 сәуірде мектеп кітапханасының оқу залында 10 «А» сынып оқушыларымен қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, шығыстанушы, фольклоршы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған  «Шоқан Уәлиханов – қазақтың Ұлы ғалымы» атты тақырыпта танымдық сағат өткізілді.
Шоқан Уәлиханов - қазақ ғылымының тарихындағы тұңғыш кәсіби ғалым-энциклопедист, әлемге қазақ мәдениетін ашқан саяхатшы және шығыстанушы. Қысқа өмір сүргеніне қарамастан, ол ғылымға айтарлықтай үлес қосты.
Танымдық сағат барысында 10 «А» сынып оқушылары Рехнюк Вероника, Спичакова София, Данатқызы Айя және Мұхтарбек Жібек ғалымның өмірі мен қызметі туралы қызықты деректер ұсынды. Сынып жетекшісі және география пәнінің мұғалімі  Г.О.Тоқсанбаева Ш.Уәлихановтың қазақ халқының тарихы, этнографиясы мен фольклоры саласындағы ғылыми экспедициялар мен зерттеулер туралы айтып берді. Танымдық сабақ фотосуреттер слайдының көрсетілуімен қатар жүрді.
Іс-шараның мақсаты - қазақ зиялыларының ең көрнекті өкілдерінің бірі Шоқан Уәлихановтың әлемдік ғылым мен мәдениетке қосқан зор үлесін білу және бағалау. Кітапхана оқу залында ғалымның 190 жылдығына орай «Шоқан Уәлиханов – қазақтың Ұлы ғалымы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Познавательный час
16 апреля 2025 года в читальном зале библиотеки среди учащихся 10 «А» класса проведен познавательный час на тему «Шокан Уалиханов – великий казахский ученый», посвященный 190-летию великого казахского ученого, историка, востоковеда, фольклориста Шокана Уалиханова. 
Шокан Уалиханов - первый профессиональный ученый-энциклопедист в истории казахской науки, путешественник и востоковед, открывший миру казахскую культуру. Несмотря на короткую жизнь он внес значительный вклад в науку. 
 В ходе познавательного часа ученицы 10 «А» класса Рехнюк Вероника, Спичакова София, Данатқызы Айя и Мухтарбек Жибек представили интересные факты о жизни и деятельности ученого. Классный руковдитель и учитель географии Г.О.Токсанбаева рассказала о научных экспедициях и исследованиях в области истории, этнографии и фольклора казахов Ш.Уалиханова. Познавательный урок сопровождался показом слайда фотографий.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: