Алматы қаласы Білім басқармасының
"№125 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 396–47–48
Есепші:
+7 (727) 396‒47‒73
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
наурыз
2023

READx Жобасы

«Оқуға құштар» жобасы аясында мектеп кітапханасында оқушылар арасында кітап оқуды насихаттап, оқуға деген қызығушылығын арттырып, көпшілік алдында сөйлеу мәнерін қалыптастыру бағытында READx форматында «Мен оқыған бір кітап» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға қатысушылар бүкіл әлемге белгілі қазақ классик жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын, белгілі қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Плаха» повесін және орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» өлең түріндегі романын оқып, өз пікірлерімен бөлісті. Сөйлеушілердің мақсаты аз уақыт ішінде көркем шығарманы ашып, оқырманды қызықтыру болды.

Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында көркем шығармаларын оқуды насихаттау, кітап оқуға қызығушылықты арттыру және  әдеби сөйлеу мәнерін қалыптастыру.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: