Үлкен үзілісте кітап оқимыз
Үлкен үзіліс кезінде балалар сүйікті кітаптарын парақтап, қызыға оқиды. Кітапханаға келіп қызықты кітаптарды үйлеріне алады. Әдетте бұл фантастикалық және шытырман оқиғалы туындылар. Бастауыш сыныпта оқитын қыздар көбінесе ертегі кейіпкерлері мен ханшайымдар туралы кітаптарды көп оқиды. Өткізіп жатқан акция балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамытуға және олардың өміріндегі кітаптың рөлін арттыруға бағытталған.