Алматы қаласы Білім басқармасының
"№125 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 396–47–48
Есепші:
+7 (727) 396‒47‒73
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
маусым
2025

Оқырмандарды марапаттау

Оқырмандарды марапаттау
2024-2025 оқу жылдарының қорытындысы бойынша жыл сайын мектеп кітапханасы кітапханаға белсенді қатысқаны үшін өз оқырмандарын марапаттайды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту, көркем әдебиет оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін, эрудициясын, шығармашылық қабілетін және шешендік өнерін дамыту.
Мектепте оқу жылы бойында буккроссингтер, буктрейлерлер (балалардың өздері оқыған кітабына бейнероликтер дайындау, сүйікті кітабының тұсаукесері), READx (оқыған кітабынан алған әсерлерін айту), поэзия кештері, байқаулар, кітапхана сабақтар, үзілістердегі оқулар, дөңгелек үстелдер, акциялар, оқу залында кітап көрмелері және кітапханаға бірінші сынып оқушылары үшін экскурсиялар ұйымдастырылды.
«Ең белсенді кітапхана келушісі», «Ең белсенді оқырман», «Ең көп оқитын отбасы», «Менің үй кітапханамның кітабы» номинациялары бойынша және «Менің сүйікті ертегі кейіпкерлерім» тақырыбындағы суреттер көрмесіне қатысқаны үшін мектеп директоры Ш.М.Бакиева және кітапхана меңгерушісі Л.У.Алмаханованың атынан мақтау қағаздары табысталды. Балалар өздерінің шығармашылық жұмыстарында сүйікті ертегісіндегі сүйікті ертегі кейіпкерін бейнелеуі керек болды. Сондай-ақ, балалар өздерінің үй кітапханаларынан сүйікті кітабы туралы бейнероликтер түсірді. 
Жас оқырмандарымызбен ата-аналарына және олардың мұғалімдеріне алғыс айтамыз! Кітапқа және кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін одан әрі дамытуын тілейміз!
https://www.instagram.com/reel/DKG05aiiOcH/?igsh=MWI2NmtwZmRzbGkxcw==​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: