Алматы қаласы Білім басқармасының
"№125 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 396–47–48
Есепші:
+7 (727) 396‒47‒73
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абаймен танысу» атты тақырыбында кітапханалық сағат өткізілді.
12
қараша
2024

«Абаймен танысу» атты тақырыбында кітапханалық сағат өткізілді.

2024 жылғы 12 қарашада мектеп кітапханасының оқу залында «Абаймен танысу» атты тақырыбында кітапханалық сағат өткізілді. 
Іс-шараға 4 «А» сынып оқушылары мен музыка пәнінің мұғалімі И.С.Сивакова белсенді қатысты. Алмас Алиша мен Секербекова Аминаның орындауында Абайдың «Көзімнің қарасы» атты тамаша әні шырқалды. Қыздар Абай оқуларына арналған жыл сайынғы сайыстарына қатысушылары мен жеңімпаздары болып табылады. Айта кету керек, бұл музыка пәнінің мұғалімі И.С. Сивакованың үлкен еңбегі. Кітапханашылар оқушыларды Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен және «Өлең – сөздің патшасы...» атты кітап көрмесімен таныстырды. Балаларға қазақтың ұлы ақыны Абайдың шығармашылық жолы мен өмірбаянымен танысу өте қызықты әрі танымды болды.
Іс-шараның мақсаты - Ұлы Абайдың шығармашылығымен таныстыру және балаларды классикалық әдебиеттерді оқуға баулу.
novosti-12-nojabrja-abaevskie-chtenija.pdf [621,88 Kb] (cкачиваний: 0)
Посмотреть онлайн файл: novosti-12-nojabrja-abaevskie-chtenija.pdf

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: